14.02.2024, 09:40

Астанадан қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

Фото: City Transportation Systems

Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.   

Бүгін таңертең Астанадан қала маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауа райына байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын хабарлады. 

Бүгін елордада күшті жел және ақтүтек бораннан жолда 50 метрге дейін ештеңе көрінбейді. 

Таңғы 6:00 кезінде қалалық төтенше жағдай департаменті «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.

Сонымен бірге «Астана-Петропавл» жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.