14.02.2024, 10:00

Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді. 

Ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 14 ақпанында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді, – делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.