Автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған.
14 ақпан сағат 06:00-де қолайсыз ауа райына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысында — 15 учаске
Ақтөбе облысында — 4 учаске
Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске
Жамбыл облысында — 1 учаске
Жетісу облысында — 1 учаске
Қарағанды облысында — 3 учаске
Қостанай облысында — 6 учаске
Қызылорда облысында — 3 учаске
Павлодар облысында — 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында — 9 учаске
Түркістан облысында — 2 учаске
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған.