$ 443.35  475.54  4.82

Көшіп-қонушыларға егін егу үшін жер жалға беріледі

Үкімет айқындаған қабылдаушы өңірлерден конкурссыз ала алады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Көшіп-қонушыларға егін шаруашылығымен айналысу үшін жер жалға беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің хабарлауынша, заң аясында көшіп-қонушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Үкімет айқындаған қабылдаушы өңірлерден конкурссыз ала алады. Олар бес жылға дейінгі мерзімге және иеліктен шығару құқығынсыз уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы негізінде беріледі.

Бұл ретте жер учаскелерінің көлемі ең аз мөлшерден аспауы керек, ал шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде иеліктен шығару және беру құқықтары көзделмейді. Өңірден көшкен кезде жер пайдалану құқығы тоқтатылады. Мұндай аймақтарда 5 жылдан астам тұрып, өз міндеттерін тиісінше орындаған қоныс аударушылардың жаңа мерзімге шарт жасасуға басқаларға қарағанда басым құқығы болады.

Сонымен қатар заң жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті көшуге қатысушыларға қоныс аудару үшін төленетін мемлекеттік субсидияларды қорғау нормасы белгіленді. Банктер мен қаржы ұйымдарының алдындағы несиелік міндеттемелері бойынша алымдардан тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеу енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары