14.02.2024, 16:00

«Fazza» әлемдік жарысынан пара спортшыларымыз 3 медаль жеңіп алды

Фото: csp_parasport.kz

Жарысқа 68 мемлекеттен 524 спортшы қатысып жатыр.

Пара жеңіл атлеттеріміз «Fazza» әлемдік Гран-при жарысынан 3 медалді қанжығаларына байлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған додада қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күнінде 2 күміс, және 1 қола медальға қол жеткізді, деп жазады kaz.inform.kz.

Атап айтсақ, ядро итеруден жерлесіміз Дастан Мукашбеков күміс жүлдегер атанса, 200 мтрге жүгіруден Алия Раева мәре сызығын екінші болып кесіп өтіп, ел қоржынына екінші күмісті сыйлады. Ал қола жүлдені айза лақтырудан Руфат Хабибуллин жеңіп алды.

Әлемдік Гран-при 13 ақпан күні басталған болатын. Ертең, яғни, 15 ақпанда мәресіне жетеді. 

Жарысқа 68 мемлекеттен 524 спортшы қатысып жатыр.