15.02.2024, 09:40

Бүгін Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Pixabay

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.

Бүгін Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген қалалық Білім басқармасының хабарламасында.