$ 494.87  520.65  4.91

«Жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы». Сәрсен Құранбек имамдарға үндеу жасады

Жасыратыны жоқ, жұма-намазға баратындар арасында жасөспірімдер, тіпті бастауыш сынып оқушылары да көп.

Фото: zhalagash-zharshysy.kz
Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Жастар ресурстық орталығында» өткен форумда сөз сөйлеп, осындай пікір айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz - ке сілтеме жасап.

Форумға қаладағы жоғары оқу орындары мен озат оқушылардан 500-ге тарта жас қатысты. Сорнымен қатар оқу орындарының тәрбие жөніндегі орынбасарларынан бөлек, жүзге тарта дін қызметкері қатысты.

Жасыратыны жоқ, жұма-намазға баратындар арасында жасөспірімдер, тіпті бастауыш сынып оқушылары да көп. Мұсылмандық парызды өтеу дұрыс-ақ, бірақ оқушының басты міндеті сабақ оқу екенін неге ұмытып кетіп жатырмыз. Көптеген ақпараттың ішінде қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырату да қиын. Әсіресе жастарға. Әкім орынбасарының айтуынша, сырттан қаржыландыратын радикалды күштер, деструктивті ағымдар сананы отарлау үшін дін арқылы шабуыл жасайды.

Қазақстанда мешіттің саны үш мыңнан асты. Шымкенттің өзінде жүзге тарта бар. Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін, әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы. Мектебіне барсын. Сабағын жақсы оқысын. Ғылым қусын. Отанның өркендеуіне білімімен қызмет етсін. Сонда ғана біз шын мәнінде зайырлы, құқықты ел боламыз, - деді Құранбек.

Форумға қатысқан журналист Бахтияр Тайжан да Сәрсен Құранбектің пікірін қостап, ислам әлеміндегі кейбір «ұстаздар» әрқилы уағыздар айтып, әлі бұғанасы бекімеген, оң-солын танып үлгермеген жастарды бұзып жатқандығын алға тартты.

Имам жақсы әңгімесінің қисынында бұл дүние жалған, анау дүние бақи, сондықтан Аллаға жағам десең, қазірден амал қыл. Бес уақыт намазыңды қаза қылма. Дүниенің қызығынан тиыл дейді. Ересектерге дұрыс-ақ. Ал жастар ше?! Кім сабақ оқиды? Кім жоғары оқу орнына барады? Кім білім алады, кім ғылым қуып, еліне пайда әкеледі? – деді Тайжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 9
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары