$ 443.44  480.51  4.88

Жаңа адамдар: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Жаңа елтаңба - жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек.  

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бірегей тарихпен тоғысқан салт санасы бір қоғамның әрқашан ортақ рәміздері болғаны баршамызға белгілі. Ал біз үшін сол рәміздер - Қазақстанның елтаңбасы. Елтаңба –  компания логотипі немесе естелік белгісі емес. Елтаңба ол терең ұғым. Тұнған тарих.  

Алайда, біз білетін елтаңба  құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-ы елтаңбамызды тани алмады.  

Қазақстан - қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар,  жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба - жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек.  

Қазақстанның тағдыры - еліміздің шекарасында белгіленген. Демек біздің тарих беттерінен жоғалмай, еркіндігіміз бен қасиетті ұстанымдарымызды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңбамыз халықты жұмылдыруы тиіс.

Президент Тоқаев бұл шарттарды нақты сипаттағандай:  

«Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық - тұғырлы мемлекет құра алмайды».  

«Алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыз, армандарымыздың орындалуы өзімізге байланысты. Еліміздің ынтымағын, тұрақтылығы мен тұтастығын қадірлеуіміз керек. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік. ... Ел санасында бірлік болуы тиіс».  

Егерде баршамызға қалаулы, жаңа символ болмақ болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай боларын шешетін халық болуы тиіс.  

Халқымызға жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар шақтың келгені ме?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары