15.02.2024, 16:20

Теміржол билеттері тағы қымбаттай ма?

Фото: Pixabay

БАҚ өкілдері Нұрлан Сауранбаевқа пойыз билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе? - деп сауал қойды.

 

Бұл сұраққа Сенаттың кулуарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ өкілдері Нұрлан Сауранбаевқа пойыз билетінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе? - деп сауал қойды.

Қымбаттамайды. Әзірше, мұндай жоспарымыз жоқ, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар ҚТЖ басшысы бүгінде жолаушылар тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланатындығын еске салды.

Соңғы уақытқа дейін біздегі дизель отынының тарифі қандай болғанын білесіздер ме? Біз дизель отынын 350 теңгеден сатып аламыз. Ал біздің тарифімізде 250 теңгеден бекітілген, - деді Нұрлан Сауранбаев.