$ 494.87  520.65  4.91

Спорт министрлігі Париж Олимпиадасында кімдерге үміт артады?

Бірақ спортшылардың белгілі бір пулы бар – 54 спортшы.

Фото: kaz.vesti.kz
Фото: kaz.vesti.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Париж Олимпиадасынан қандай нәтиже күтетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл халықты алаңдатып отыр. Мемлекет басшысы да алдымызға тиісті міндеттер қойды. Мен әрқашан айтып жүремін, Олимпиада ойындарында барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу міндеті тұр. Осының алдында Токио Олимпиадасында қандай нәтиже болғанын бәріміз білеміз. Бізге Президент те, Үкімет те, халық та артқан үміт ақталмады. Бірақ бұл жолы Токио Олимпиадасынан жақсы өнер көрсету міндеті тұр», - деді ол ведомствоның алқа мәжілісінен кейін.

Сондай-ақ, ол ерекше үміт артып отырған 50-ден астам спортшы бар екенін айтты, 

«Медальдер болжамы бойынша айтсақ, Қазір сіздерге нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ спортшылардың белгілі бір пулы бар – 54 спортшы. Соларға үлкен үміт артылып отыр, әрқайсымен жеке жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте, әрине, дәстүрлі түрде жақсы дамыған бокс, жеңіл атлетика, велоспорт, атыс ойындары сияқты спорт түрлері», - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары