Ұлытау облысында – 1 учаске (115 шақырым) жабық.
Қазақстандағы 18 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «ҚазАвтоЖол» дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.
15 ақпанда сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.
Көлік қозғалысына шектеу енгізілген өңірлер тізімі:
Абай облысында – 2 учаске (177 шақырым)
Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 шақырым)
Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым)
Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 шақырым)
Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым)
Жетісу облысында – 1 учаске (100 шақырым)
Қостанай облысында – 1 учаске (83 шақырым)
Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым)
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске (249 шақырым)
Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым)
Ұлытау облысында – 1 учаске (115 шақырым) жабық.