15.02.2024, 23:30

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды

Фото: kudaibergenov.dimash инстаграм парақшасынан

Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.

Бүгін Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.

Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық, - деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов.

Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.

Фото: БҰҰ Көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі

Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. Халықаралық көші-қон ұйымы Біріккен ұлттар ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.