16.02.2024, 10:40

Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту кезінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат ұрланған

Фото: Newtimes.kz

Оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.