$ 494.87  520.65  4.91

Алексей Навальный түрмеде көз жұмды

Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді.

Фото: instagram.com/navalny
Фото: instagram.com/navalny

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде қайтыс болды. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмаған. Ресейлік қоғам қайраткері Алексей Навальный Харп ауылындағы түзеу колониясында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресейдің УФСИН Ямало-Ненецкий автономдық аймағының мәлімдемесіне сәйкес, сотталған Навальный серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.

«16.02.2024 жылы №3 түзеу колониясында сотталған Навальный Алексей серуендегеннен кейін бірден есінен танып, өзін нашар сезінді», – дейді ведомство өкілдері.

Мекеменің медицина қызметкерлері дереу келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.

«Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді, олар оң нәтиже бермеді. Жедел медициналық көмек дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын айтты. Өлімнің себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары