$ 444.14  477.05  4.85

Абиба Абужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Аталмыш бәсекеде әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысып жатыр.

Фото: Дзюдо федерациясы
Фото: Дзюдо федерациясы

Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан бүгін Grand Slam турнирі басталды. Әйелдер арасында 48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Абиба Абужақынова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған бәсекеде отандасмыз Абиба Абужақынова жұбаныш финалында ол белгиялық қарсыласы Луиз Петиттен басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл Абиба Абужақынованың 2024 жылы қатысқан екінші әлемдік жарымындағы екінші қола жүлдесі. Ол бұған дейін Португалияда өткен Гран-при жарысында қола жүлде жеңіп алған.

Аталған әлемдік дода бүгін басталды, 18 ақпан күні мәресіне жетеді. 

Аталмыш бәсекеде әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысып жатыр.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.

Дереккөз: Kazinform.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары