Екі қолмен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзді жауып отыру керек.
Компьютерде көп отырғаннан көзім алыстан онша көрмейді, қалай қалпына келтірсем болады? Қандай жаттығулар бар? Операция жасатқаным дұрыс болады ма?
Көзге жасалатын жаттығуларға назар аударыңыздар. Бұл жаттығуларды күнде жасап жүрсеңіздер денсаулығыңызға пайдалы болады. Негізі адам көзіне көзілдірік киіп жүрсе біраз уақыттан кейін оның көзінің көруі нашарлайтыны дәлелденген екен.
Сондықтан көзілдіріктен бас тартып, осы кестеде көрсетілген жаттығуларды орындаңыздар. Әрине көзілдірікті тағу міндетті кездер де болады, дегенмен көп жағдайда көздің көруін қалпына келтіру мәселесін қолыңызға алып жаттығулар жасасаңыз, жейтін тамағыңызға мән берсеңіз, уақытында ұйықтап, күн тәртібін көп бұзбасаңыз, жақсы нәтижелерге жетесіз.
Көздің көруін жақсарту үшін:
- арнайы жаттығулар жасау;
- дұрыс тамақтану;
- қосымша кеңестер;
Жаттығулар:
1. 20-30 секунд бойы көзді ашып-жұмып көз жаттығуын жасау қажет. Көзді жоғары және төменге көтеріп, түсіру. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасау керек. 2. Көзбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салу. 3. Үлкен саусаққа бірнеше секунд бойы қарап тұрып, назарды қолға қатысы жоқ басқа бір затқа аудару. Көздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталау. 4. 2 минут бойы көзді жыпылықтату. Бұл жаттығу көздің қанайналымын қалыпқа келтіреді. 5. Компьютерде немесе жұмыс орнында көз шаршағанда мынадай жаттығу жасауға болады. Екі қолмен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзді жауып отыру керек. Көздің демалғанын сезгеннен кейін қолды босатуға болады.
Тамақтану: 1. Қандай тағам жасайтын болсаңыз да өсімдіктерді қосуды ұмытпаңыз. Олардың құрамындағы лютеин көз ауруларының алдын алады. 2. Майлы балықтар. Олардың құрамында майлы қышқылдар көру клеткаларын жақсартады. 3. Цитрусті жеміс-жидектер. Олардың құрамында дәрумендердің барлық түрі кездеседі. А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі. 4. Сәбіз. Құрамындағы бета-каротин көзге мол әсерін тигізеді. 5. Миндаль. Күнделікті миндаль жеп тұрсаңыз, Е дәруменімен құнарланасыз. Кеңестер: 1. Таза ауада көбірек серуендеңіз. 2. Көзді демалдырып тұрыңыз (кітап оқу, компьютермен жұмыс, теледидар көру кездерінде). 3. Көзілдірік киіңіз (күннен қорғайтын және компьютермен жұмыс істеуге арналған). 4. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басып тұрыңыз. 5. Компьютермен жұмыс барысында монитор көз деңгейінен төмен тұруы тиіс. «Құрғақ көз» синдромының дамуын тежейді.