$ 494.87  520.65  4.91

8 облыста республикалық маңызы бар 19 автожол жабылды

Абай облысында – 5 автожол, жалпы ұзындығы 1314 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс).

Фото: "ҚазАвтожол" компаниясының телеграм арнасына алынды
Фото: "ҚазАвтожол" компаниясының телеграм арнасына алынды

18 ақпан сағат 21.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «ҚазАвтожол» мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысында – 5 автожол, жалпы ұзындығы 1314 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс)

1. "Омбы-Майқапшағай" - Павлодар обл.-Қалбатау а. (дизельді қозғалтқыштармен жарақтандырылған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін) Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық көлік үшін), Бұғаз а.-Шығыс Қазақстан обл.шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін);

Дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін:

2. "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" - Аягөз қ.-Бұғаз а.; 

3. "Алматы-Өскемен" - Жетісу обл.шек-Шығыс Қазақстан обл.шек;

4. "Таскескен-Бақты" - Таскескен а.-Үржар а.;

5. "Өскемен-Семей" - Семей қ.- Шығыс Қазақстан обл.шек.

 Алматы облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 15 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 7 автожол, жалпы ұзындығы 1268 км  (қар, боран, шектеулі көрініс)

1. "Омбы-Майқапшағай" - Абай обл.шек - Зайсан қ. (барлық көлік үшін).

2. Облыс бойынша, барлық бағыттар бойынша (қоғамдық автокөлік және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін)

Жамбыл облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. "Алматы - Ташкент-Термез" Кенен-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін); 

Жетісу облысында 2 аатлжол,  жалпы ұзындығы 158 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс, Абай облысы ауа-райының нашарлауына байланысты)

1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

2. "Алматы-Өскемен" - Үшарал бұрылысы-Абай обл.шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін)

Қостанай облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 83 км  (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Павлодар облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 160 км  (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Омбы-Майқапшағай" -Кенжекөл к.-Абай обл.шек (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)

 Ұлытау облысында 1 автожол, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік үшін)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 249 бірлік техника және 374 адам жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары