$ 494.87  520.65  4.91

Ауылдық жастарға 1 миллион теңге беріледі

Байқауға қатысуға 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өтінім бере алады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ауылдық жерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды,  деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы  gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңімпаз атанған 280 адамның әрқайсына 1 млн теңгелік грант беріледі. Байқауға қатысуға 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өтінім бере алады.

Басты талаптар: Үміткер өтінім беріп жатқан өңірде тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс. Конкурсқа қатысушы 1 ғана әлеуметтік жобаны ұсына алады.

"Zhas Project" - бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба.  Жоба жастарды өз қоғамының әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға  көмектеседі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары