$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көлік министрлігі баспасөз қызметі Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өткенін мәлімдеді. 

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты. 

Сонымен қатар Талғат Ластаев T' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары