21.02.2024, 07:30

Астанада және 7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер 21 ақпан күні Астана қаласында және Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Осылайша, Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендейді.

Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман түседі деп болжанды.

21 ақпан күні түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстік және шығыс аймақтарында көктайғақ болады.