$ 444.14  477.05  4.85

Илья Ильин отбасындағы қуанышты хабармен бөлісті

Әйелім жоспарлы кесарь тілігімен босанды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин қызды болды. Cпортшы сүйінші жаңалықты Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауларыңызға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматшасы - Ильина Аили Ильинична. Әйелім жоспарлы кесарь тілігімен босанды, бәрі жақсы өтті. Қызымыздың бойы - 50 см, салмағы - 3 кг 178 гр, - деп жазды Илья Ильин.

Танымал спортшы қолдап, тілектерін жаудырған оқырмандарына өз алғысын айтты.

Біз сіздерді қатты жақсы көреміз! Келесі видеоларда кездескенше, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары