Аяз сынып, күн айтарлықтай жылиды деуге әлі ерте.
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандықтарға қолайсыздық тудырған аяздың беті қайтпай тұр.
Болжам бойынша суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік антициклонның ықпалынан жаңбыр, қар жауып, жел мен бұрқасын күшейеді.
Дегенмен циклон оңтүстіктен болса да, аяз сынып, күн айтарлықтай жылиды деуге әлі ерте.