$ 494.87  520.65  4.91

Зейнетақы қорынан жұмсалған қаржы иесіне табыс әкеледі

Зейнетақы қорындағы ақшаңыздан 100 теңге алынса, ол қаражат қорға кері қайтарылғанда қосымша табыс төленеді.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Зейнетақы қорынан жұмсалған қаржы иесіне табыс әкеледі. Яғни, қордағы ақша қандай да бір мақсатқа пайдаланылса, қаражат өседі. қордағы ақшаға вагондар сатып алып жатқан көлік министрі Марат Қарабаев осылай деп түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, зейнетақы қорындағы ақшаңыздан 100 теңге алынса, ол қаражат қорға кері қайтарылғанда қосымша табыс төленеді. Яғни, 100 теңгеңіз 115 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп жазды Qazaqstan.tv.

Марат Қарабаев, қазір «Бәйтерек холдингі» зейнетақы қорынан ақша алғанын растады. Яғни, 184 млрд теңгеге вагондар сатып алынуда. Оның 100-і жолаушы, ал 3 мыңы жүк тасымалдайды. Бастысы, зейнетақы қорынан алынған ақшаның қорға қайта түсуіне мемлекет кепілдік береді, деді министр.

"Зейнетақы қорындағы қаржы сол жаққа қаржысын салған кісілерге ол міндетті түрде пайда алып келуі керек. Бұл бірінші мәселе. Сол жақта тұрған ақшасы халыққа, елге, жұртқа пайда алып келіп жатыр. Өйткені, нарықтық пайыздық мөлшермен алынған ақша. Ол жеңілдетілген ақша берілген жоқ. «Бәйтерек» басқарушы холдинг толық мемлекеттік болып саналады. Соның нәтижесінде ол ақшаның толық зейнетақы қорына қайта түсуіне мемлекет толық кепілдік береді", - деді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары