$ 495.2  522.34  4.94

Ғалымдар жар таңдауда дауыс ырғағының маңызды екенін анықтады

Зерттеуге 2500 әйел мен ер адам қатысты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ғалымдар дауыс тембрі төмен  адамдарды көпшілік сенімді жұп ретінде, ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа лайықты деп қабылдайтынын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sage Journals-қа сілтеме жасап.

Экспериментке 22 елден 16-40 жас аралығындағы 2500 адам қатысты. Барлығына әр түрлі ерлер мен әйелдердің дауыстарының жазбаларын тыңдап, бұл адамдардың мінезі қандай екенін болжау және олардың сыртқы келбетін бағалау ұсынылды.

Содан кейін зерттеуге қатысушылар спикерлердің қайсысын қысқа мерзімді романтикалық қарым-қатынас құруға  және  қайсысын ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа лайық деп ойлайтынын айтты. Нәтижесінде терең дауысты, яғни дауыс ырғағы төмен ерлер мен әйелдер қарым-қатынас орнату үшін ең тартымды болып саналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары