Негізінен жіті-респираторлық вирустық инфекциялардың екі рет өршуі байқалады.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова сырқаттанушылықтың екінші толқыны туралы айтқан кезінде коронавирусты емес, жіті-респираторлық вирустық инфекцияларды меңзегенін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Zakon.kz мәліметінше, Есмағамбетова вирустық аурулар көбіне қай уақытта өршитінін айтты.
"Негізінен жіті-респираторлық вирустық инфекциялардың екі рет өршуі байқалады. Бұл - қараша-желтоқсан айлары, сосын қаңтардың соңы мен ақпанның басы. Қаңтардың аяғы мен ақпанның басына дейін сырқаттанушылықтың өсімі 10% шамасында болды. Жалпы соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі төмендегенін атап өту керек", - деді Есмағамбетова.
Бас санитардың сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымына сәйкес халыққа вакцина салдырудың қажеттігі жоқ. Қазір коронавирустан тек егде жастағы адамдарға ғана екпе салынып жатқанын айтты.