$ 444.14  477.05  4.85

Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы кім екені белгілі болды

Бүкіл әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы рейтингті жаңартты.

©twitter.com/qazaqstyle
©twitter.com/qazaqstyle

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының осы ұйымдағы чемпиондық белбеуін кімге қарсы қорғайтыны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүкіл әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы ретінде 19 жекпе-жекте жеңіске жетіп, соның он бесін нокаутпен аяқтаған Хамза Шира атанып отыр.

Хамза Шира отандасы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенктің рейтингтегі орнын басып, 1-орынға шықса, Крис Юбэнк 2-орынға жайғасқан. Ал үздік үштікті тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қорытындылап тұр. Егер Жәнібек Әлімханұлы басқа ұйымның чемпиондарымен жекпе-жекке келісе алмаса, чемпиондық белбеуін Хамзаға қарсы қорғауға міндеттеледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары