$ 439.43  473.31  4.82

Сенат төрағасы «зомби-компанияларды» сынады

Олар мемлекеттің арқасында ғана «аман» жүр. Ал, өздері еш дамымайды, алға жылжымайды.

 

Фото: ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы
Фото: ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.

Оның пайымдауынша, тек мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана күн көріп отырған компанияларды нарықтық экономиканы ілгерілетуге кедергі келтіруде. Соның салдарынан дамымайтын, табыс әкелмейтін және нарықта жаңа ойыншылардың алға жылжуына кедергі келтіріп, мемлекеттік қолдау есебінен ғана күн көретін компаниялар өсіп келеді.

Икемсіз мемлекеттік қолдау, оның ішінде «Даму» арқылы қолдау және ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялар елімізде зомби-компаниялардың көптеп пайда болуына алып келді. Олар мемлекеттің арқасында ғана «аман» жүр. Ал, өздері еш дамымайды, алға жылжымайды. Қалыпты нарықтық экономикада компаниялардың стартап, қалыптасу, жетілу, кейбір технологияларды енгізу сияқты өмірлік циклі бар. Соған байланысты олар мүмкіндік болса, әрі қарай дамиды, болмаса, жабылады. Бізде нарыққа жаңа компаниялар көп кіре бермейді. Ал, дамымайтын «ескі» компаниялар нарықтан кетпейді. Бизнесті қолдау тиімді, икемді, нәтижелі болуы керек. Сондықтан бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеудің маңызы зор. Бұл ретте, банкротқа ұшырау да экономиканы тазарту, жаңа компаниялардың пайда болуы тұрғысынан бір механизм екенін ескерген жөн», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары