$ 443.35  475.54  4.82

«Жалақыға жұмыс істейді»: Air Astana президентінің жұбайы күйеуіне қомақты бонустар берілмейтінін айтты

Бірақ Қазақстанның жартысы менің күйеуімді миллиардер, компанияның директоры деп ойлайдыБірақ Қазақстанның жартысы менің күйеуімді миллиардер, компанияның директоры деп ойлайды.

Татьяна Фостер инстаграм парақшасынан
Татьяна Фостер инстаграм парақшасынан

Air Astana әуе компаниясы президентінің жұбайы Татьяна Фостер компания басшысының қомақты бонустар алатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Air Astana басшысы өзіне 394 млн теңге сыйақы бөлген

Татьяна Постер бұл туралы “Без Мишуры” ютуб арнасына сұхбат берген. 

Сондай-ақ ол БАҚ-та тараған 2022 жылы Питер Фостердің өзіне 394 миллион теңге сыйақы төлегенін туралы ақпаратқа қатысты да пікір білдірді. 

"Тексерсін. Бірақ бұл жалған ақпарат. Адамдар интернеттен іздеген кзде, барлық топ-менеджмент туралы ақпарат шығады. Барлық топ-менеджмент бонустар алады. Міне, олар осы жалпы соманы біріктіріп, дұрыс түүсінбей қалған”, – дейді Татьяна Фостер. 

Татьяна Фостердің айтуынша, көпшілік оның күйеуін компанияның иесі деп ойлайды екен. Фостер бұл ақпаратты жоққа шығарып, күйеуінің жалақыға жұмыс істейтін қызметкер екенін атап өтті.  

“Ол жалақыға жұмыс істейді. Бірақ Қазақстанның жартысы менің күйеуімді миллиардер, компанияның директоры деп ойлайды”, – дейді Татьяна.

Әуе компаниясының корпоративтік ережелеріне сәйкес, директордың жұбайы авиакомпанияда жұмыс істей алмайды. Татьяна Фостер 2006 жылдан бастап компанияда жұмыс ісеген.  Бірнеше жылдан кейін жүктілік кезінде жұмыстан шығып кеткен. Татьяна өзіне Питер Фостер тіпті декреттік төлемді де бермегенін айтады. 

"Мен компаниядағы жұмысымды жалғастырғым келді. Бірақ жүкті кезімде күйеуім мені жұмыстан шығарып жіберді. Ол маған декреттік демалыстың да ақысын төлемеді", – деді ол.

Сонымен қатар, Татьяна өзі жұмыс істеген уақытта компанияның жақсы нәтижелер көрсетіп жүргендігін алға тартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары