$ 494.87  520.65  4.91

Медеуде мәйіті табылған жігіттің кім екені белгілі болды

Бұдан өзге мәлімет тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді.

Фото: volontery_lider.kz_almob
Фото: volontery_lider.kz_almob

Марқұм 19 жастағы Жәкежан Сержан Серікұлы Алматы облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы "Лидер" еріктілер қозғалысы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Полиция дерегі бойынша, ол Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы үйінен 22 ақпанда таңғы сағат 09:00 шамасында шығып кетіп, қайта оралмаған. 
Қандай жағдайда өлгенін қазір полиция анықтап жатыр.

Бұдан өзге мәлімет тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Медеуде ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Болжам бойынша ол биіктен құлап кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары