Резервуар тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған.
Майқайың кенті мен «Богатыр Көмір» АҚ-на су жеткізетін магистральдегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 мамандандырылған техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Асайын Байханов Майқайың кентіндегі диаметрі 1 020 мм суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді.
Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде мұз қату мен мен ауаның тұрып қалу жайттарын тексеріп жатыр. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелердегі желінің айналасына көмір мен шпал үйіліп, от жағылған. Осылайша қатып қалған құбырлар жібітіліп жатыр.
Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Резервуар тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады, - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Еске салсақ, Екібастұздан Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін үлкен құбыр жарылды.