$ 439.43  473.31  4.82

Алина Әжіғалиева әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Бұл – қазақстандық қыздар арасындағы шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина Әжіғалиева күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әлем чемпионатында 1 500 метр қашықтықта бақ сынап, финалына шыққан болатын. Аталған қашықтықта венгриялық Маджа Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді. Ал отандасымыз екінші орынды иеленді.

Бұл – қазақстандық қыздар арасындағы шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.

Еске салсақ, бұған дейін Алина Херенвен қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында эстафеталық жарыста күміс жүлде алған еді. Құрама сапында Алина Әжғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан мен Гүлдана ⁠Жалмұхан сынға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары