$ 494.87  520.65  4.91

Сейсмолог Алматыдағы жиілеп кеткен жер сілкінісі туралы түсіндірді (ВИДЕО)

Маманның айтуынша әуре-сарсаңға түсіп, дүрбелең тудыруға еш негіз жоқ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, 23 қаңтардан бері Қазақстанда 8 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелсе, оның тек 100-інде ғана 5 балл болған, ал Алматыға  соның тек 20-сы ғана жеткен екен.  Маманның айтуынша әуре-сарсаңға түсіп, дүрбелең тудыруға еш негіз жоқ.

Қайырлы күн, құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары. Бүгін сағат 10:14-те жер сілкінісі тіркелді. Айта кету керек бұл 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңардан бастап, біз  8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркедік. Соның 100-ден астамының магнитудасы 5-тен жоғары болды. Ал оның тек 20-сы ғана Алматыда сезілді, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары