$ 475.03  517.21  5.44

Маңғыстау облысында адамдар жаппай уланды

Балалар мен ересектер және 19 апталық жүкті әйел бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында жаппай улану жағдайы болды. Тұрғындар дәмханалардың біріне барғаннан кейін өздерін нашар сезінген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Lada.kz хабарлауынша, 23 ақпан күні кешкісін орталық аудандық ауруханаға 23 адам түскен. Олар "Али-ман" мекемесіне барғаннан кейін ауруханаға түсті.

Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жіберілді, оның ішінде балалар мен ересектер және 19 апталық жүкті әйел бар. 8 адам үйінде ем қабылдап жатыр, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Бұған дейін тағы бір жаппай улану туралы хабарланған еді. 2024 жылдың 5 ақпанында Түркістан облысында No9 мектептің оқушылары мен мұғалімдері ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ауруға бояудың иісі себеп болған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары