Жұбайы ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысында жол апатынан белгілі кәсіпкер, нан магнаты Петр Васильченко көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақшатау ауылы маңында болған, деп жазады inbusiness.kz.
Петр Васильченко басқарған Mercedes көлігі мен Газель соқтығысты. Алған жарақаттарынан неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Петр Васильченко Қарағандыдағы нан өнімдерін дайындайтын "Орион" компаниясының негізін салушы және басқарушысы болған.
Сондай-ақ 2022 жылы ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш нан" комбинатын сатып алған еді.