25.02.2024, 23:30

Ақтауда 65 миллион теңгеге салынған ескерткіш тұғыры қирап жатыр

Фото: Lada.kz

Бұл Тобанияз Әлниязұлының 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған екінші ескерткіші екені атап өтілді.

Ақтаудағы Тобанияз Әлниязұлының ескерткішінің қаптама тақтайшалар сынған. Тұрғындар ескерткішьің тұғырын қалпына келтіру қажет екенін атуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Lada.kz жазды.

Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Бұл Тобанияз Әлниязұлының 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған екінші ескерткіші екені атап өтілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, қала билігіне ескерткішті жаңартуға 65 313 ​​642 теңге жұмсалған.