$ 443.37  474.49  4.83

Қалдыбек Құрманәлі: Көпұлтты дегенді заң жүзінде қойдыру керек, Қазақстан бір-ақ ұлтты мемлекет

Танымал композитордың айтуынша қазіргі күні ұлт мүддесі жағынан ұтылып отырмыз, себебі көпұлтты мемлекет деген түсінік ұлт мүддесін алға шығаруға кедергі келтіруде.

Белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі  "QASQA JOL" YouTube арнасына ашық сұқбат берді. Сұқбат барысында ұлттық мүдде, тіл мәселесі, қазіргі өнер мен мәдениет жағдайын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал композитордың айтуынша қазіргі күні ұлт мүддесі жағынан ұтылып отырмыз, себебі көпұлтты мемлекет деген түсінік ұлт мүддесін алға шығаруға кедергі келтіруде.

Үш мүдде болады. Мемлекеттік мүдде, ұлттық мүдде, жеке мүдде. Ұлттық мүдде – ол ұлттың мүддесі, мемлекеттік мүдде – ол мемлекеттің мүддесі. Бізде қазір былай болды. Біз ұлттық мемлекетпіз ғой. Демек, мемлекет бір ғана ұлтты мемлекет. Бұл атам заманнан осылай, бабаларымыз осы жерді қорғап қалған. Бұл жерде о баста бірнеше ұлт тұрған емес. Ал енді әрқалай тағдыр тауқыметімен бізге көшіп келген ұлттар болды, дін мәселесін әкелген арабтар болды, 3 ғасыр бұрын келген орыстар болды, соғыс кезінде келген тау халықтары болды. Біз келген адамға «кет» деп айтпаймыз, бірақ кетемін деп жатса «жолың болсын» деп айтамыз. Сондықтан да бұл бір ғана ұлттың мемлекеті. Ал бізде «көпұлтты» мемлекет деген сөзді заң шеңберінде жоятын кез жетті. Көпұлтты мемлекет Қазақстанда жоқ. Бізде бір ғана мемлекет, қазақ ұлтының мемлекеті. Бізде көп ұлт жоқ, көп ұлттің өкілдері бар. Мысалы, 1 сыған болуы мүмкін, оны жазып қояды, нанаец 1 адам болуы мүмкін, оны да жазып қояды. Бірақ ол ұлт емес қой, ұлттың өкілі. Мысалы, Австралияға бір қазақ баруы мүмкін. Бірақ оны бір ұлт деп қабылдамайды ғой. Ол - ұлттың өкілі. Сондықтан бізде заң тұрғысында Праламентте қарап, осыны қойдыру керек. Қазақстан бір-ақ ұлтты. Көп ұлттың өкілдері - этностар тұратын бір ұлтты мемлекет. Көп жағдайда біз ұлттық мүддеден осы үшін ұтылып отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары