Бұған дейін Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетін басқарған.
Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Боксшы бұл қызметті алдағы төрт жыл көлемінде атқарады.
Бүгін Астанада Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтіп, ҰОК президенті мен өзге де маңызды басқару органдарының сайлауы өтті. Ұйымды 2015 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев өз өкілеттігін тоқтатты. Қазақстан ҰОК жаңа басшысы болып Геннадий Головкин сайланды.
Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету - мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін.Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде жүзеге асыру, – деді Геннадий Головкин.
Еске салсақ, бұған дейін Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетін басқарған.