$ 494.87  520.65  4.91

«Бірнеше рет суицид жасаған». Екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек айтылды

Студент кезде ауырып, молдаларға апарған.

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

7 ақпан күні 3 және 5 жасар балаларын жалдамалы пәтерге апарып, жастықпен тұншықтырып, оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы келіншек туралы тың деректер айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Күдікті әйел Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Оқу орнын бітіргеннен кейін 10 жылға жуық мектеп-лицейде ұстаз болған, деп жазады El.kz.

Оның көршілері бұрын молдаға қаратқанын, қазақы ем жасатқанын алға тартады.

Студент кезде ауырып, молдаларға апарған. Содан кейін жақсы боп кеткенімен, алдыңғы жылы қайтадан дерті асқынған екен. Ұйықтап жатып бір жаққа кетіп қап, кейін тауып алып келіпті дегенді естідік, – дейді келіншек туған ауылдың тұрғындары. 

Ол сұмдық оқиға болған күні, жұмыстан келіп, сағат үштерде балаларды бақшадан алып кеткен. Күйеуімен ешқандай ұрыс орын алмаған. Көршілерінің бірі құрбысына жазып, «мені алып кетіңдерші» деп орналасқан жерін жібергенін айтады. Құрбысы келіншектің күйеуіне хабар беріп, үш адам болып сол жаққа барған. Сол кезде сұмдық оқиға болғанын білген.

Күдіктінің Ләйла есімді туысы оның бұрыннан ауытқуы бар екенін, кішірек кезінде бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Ал қайын інісі жұбайлар арасында мүлдем ұрыс-керіс болмаған дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары