$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе полицейлері тірі адамды өлілер қатарына қосып қойған

Оның үстіне шағымды күйеуі беруі керек. Өйткені әйел өлген адам боп саналатындықтан, оның талабының күші жоқ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде көп балалы ана Бота Қартбаева қайтыс болғандар тізімінде. Енді ол тірі екенін дәлелдей алмай жүр, деп Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

39 жастағы Бота Қартбаева  «Күміс алқа» иесі, жақында жетінші сәбиін дүниеге әкелмек. Ол тірі екенін дәлелдеп шықпаса, жаңа туған нәрестнің құжаттарын алу кезінде қиындықтар туындайды.

Ол «қайтыс болғанын» екі жыл бұрын жәрдемақы алуды тоқтатқанда білген. Оны қайтыс болғандардың дерекқорына қателесіп қосып қойған екен, себебі 2021 жылы тегі бірдей әйел апаттан көз жұмыпты.

Оқиғадан кейін куәгерлердің сөзіне сеніп, марқұмның құжаттарын тексермей, менің деректерімді компьютерге енгізген. Нәтижесінде мен жеңілдіксіз қалдым. Алайда кейін төлем мәселесі шешілді. Бірақ. Екі жылдан бері мен өлгендер тізімінде жүрмін, – дейді әйел .

Бота жетінші рет ана атанғалы отыр. «Өлі» мәртебесіне қарамастан, дәрігерлер жүкті әйелді қабылдауға дайын. Алайда жаңа туған нәрестеге құжаттарды қалай рәсімдейтінін түсінер емес. Бірыңғай ақпараттық жүйеде ананың қайтыс болуының жағдайы көрсетіледі және бұл бала үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Ол кезде біз ЖСН-ін тексердік, содан кейін біз Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына, полиция департаментіне және республикалық электронды поштаға тірі науқас мәртебесін қалпына келтіру туралы ресми хат жазғанбыз. Туу туралы куәлікті алу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, – дейді Қарғалы қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күмісай Байболатова.

Полиция қателескендерін мойындады және олар бәрін түзетуге тырысқанымен, әрекеттері еш нәтижесін бермеген.

2021 жылдың желтоқсан айында Темір ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, әйел қаза тапты. Кезекшілік кезінде оқиға куәгерлерінің айтуынша, оның Бота есімді қыз екені анықталды. Жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, куәгерлер қате деректер келтіріп, ол барлық органдарға жіберілді. Өзгеріс енгізу үшін денсаулық сақтау министрлігіне қайтадан хат жолданды, – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Заңгерлер әйелге әділет органдарына хабарласуға немесе мәселені сот арқылы шешуге кеңес береді. Оның үстіне шағымды күйеуі беруі керек. Өйткені әйел өлген адам боп саналатындықтан, оның талабының күші жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары