$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды

Арматураны пайдаланып, өзге адамдарды ұрған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматының қақ ортасында түнгі уақытта бір топ жас төбелесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға Байтұрсынов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Ол жерде бір адам арматураны пайдаланып, өзге адамдарды ұрып жатқан, деп жазады BAQ.KZ.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары