27.02.2024, 21:30

Роналду айыппұл төлейтін болды (ВИДЕО)

Фото: sports.kz

Ол қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген.

«Әл-Наср» футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатындағы оғаш қылығы үшін жазаланады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол саудиялық Про-лиганың 21-туры аясында «Әл-Шабабқа» қарсы өткен ойында (3:2) «Месси!» деп айғайлаған жанкүйерлерге оғаш қылық көрсеткен еді.

Al Riyadhiah басылымының жазуынша, тәртіп комитеті португалиялық футболшыны спорттық емес мінез-құлқы үшін екі матчтан шеттетіп, ақшалай айыппұл салуды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін де қарсылас команданың шарфын лақтырып жіберген Роналдудың әрекеті желіде қызу талқыланған болатын.