27.02.2024, 18:00

Құранды өртеген жігіт 3,5 жылға сотталды

Фото: islamdag.ru

Мұндай үкімді Грозный соты шығарды.

27 ақпанда Шешенстанда Құранды өртеп жіберді деп айыпталған ресейлік Никита Журавель үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мұндай үкімді Грозный соты шығарды.

Оған бұзақылық жасады және Грозный мешіттерінің 13 имамына қатысты қылмыстық істің құрбаны болған діндарлардың сезімін қорлады деген айып тағылды.

Сот отырысында Журавель мұсылмандардан кешірім сұрап, қасиетті кітапты өртеп жібергені үшін кінәсін мойындағанын, тәртіпті өрескел бұзуға еш себеп жоқ екенін мәлімдеді.