Кейіннен Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылғаны белгілі болды.
ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оған мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша іс қозғалған.
ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды, – деді агенттіктен.
Еске салсақ, бұған дейін отандық БАҚ-та «ҚазМұнайГаз» комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастағаны хабарланған. Кейіннен Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылғаны белгілі болды.