$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін өзінің шотына аударып алған

Бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір жарым айда борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға деп 816 мың теңге аударылған.

Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.

Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады.

Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды.

Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары