$ 444.14  477.05  4.85

Төтенше жағдайда байланыс операторлары SMS жіберуге міндетті болады

Олардың өтініші бойынша жедел штабтың қарамағына ұялы байланыс станцияларын беру міндеті де енгізілді. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Байланыс операторлары өз желілерінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жіберілетін жедел SMS хабарламаларға байланысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы технологиялардың әсерінен хабарламалардың уақытында жетпеу тәжірибесін қайталамау қажет.

Сондай-ақ олардың өтініші бойынша жедел штабтың қарамағына ұялы байланыс станцияларын беру міндеті де енгізілді. Мысалы, орман өрті аймақтарын коммуникациямен қамтамасыз ету. Жалпы алғанда мұндай қажеттілік әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болған кезде немесе төтенше жағдай жарияланған кезде туындауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары