$ 494.87  520.65  4.91

«Ойға қонымсыз». Аймағамбетов Бишімбаевты жақтағандар туралы

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат тараған.

 

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қарындасының қайғысынан пиар жасап жүр»: Бибісара Асаубаеваның анасы Нүкенованың ағасы туралы

Ең алдымен, бұл - өте үлкен трагедия. Екіншіден, менің ойымша, бұл жерде соттың, заңның үстемдігі болуы керек. Біз соттың ісіне араласпауымыз керек. Бұл сұрақ Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, әділетті сот өтіп, кінәлі азамат өз жазасын алады деп сенемін. Сондықтан бұл мәселе бойынша, мысалы, қорғау - ойға қонымсыз. Мұндай мәселелерді қоғам болып қорғамай, дұрыс позицияны сақтауымыз керек. Ең бастысы, бізде заң бар. Сот болады, сотта барлық факті айтылады. Сот шешім қабылдайды, - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат тараған еді. Ал Қуандық Бишімбаевтың экс-зайыбы Назым Қаһарман зорлау фактісін жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары