Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.
ҚР бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстауды тағы бір айға ұзарту туралы сот санкциясы қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
"2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген сауал жауабында.
Сондай-ақ, қалалық соттан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.
Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.