$ 494.87  520.65  4.91

«800 мың теңге». Денсаулық сақтау министрі бренд киімдерінің бағасын айтты

Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге.

Фото: Сенат баспасөз қызметі
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қымбат бренд киімдері туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол журналистердің осындай қымбат киіну үшін қанша жалақы алу керек деген сұрағына былай жауап берді, деп жазады BAQ.KZ.

Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің киім толған гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысымда алған ақшаға сатып алдым. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында, – деп жауап берді министр.

Сондай-ақ ол жаңа қызметтегі жалақысының мөлшеріне де тоқталды.

Мен әлі жалақы алған жоқпын, бірақ көп болады деп ойламаймын, – деді ол.

Бұдан бөлек, Сенат кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов көзілдірігінің қанша тұратынын айтты. Тимур Жақсылықов танымал бренд Chopard-тың көзілдірігін тағады екен. 

Сіздерге айта алмаймын. Менің ойымша, 80-90 мың теңге тұрады. Сіздер оны тағып жүргеніме қанша уақыт өткенін білесіздер ме, 10 жыл. Ол кездің курс басқаша болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары