$ 494.87  520.65  4.91

Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа жаза кесілді

Ұлттық музейдің экс-басшысына 221 млн теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойына тыйым салумен 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін сот бұрынғы шенеуніктің әйелін пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет етуге тыйым салынды.

Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Биыл 20 маусымда ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұлттық музейдің экс-басшысына 221 млн теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары