Ұлттық музейдің экс-басшысына 221 млн теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ол мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойына тыйым салумен 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін сот бұрынғы шенеуніктің әйелін пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет етуге тыйым салынды.
Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Биыл 20 маусымда ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ұлттық музейдің экс-басшысына 221 млн теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.
26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.